Алматыда 12 қабатты үйдегі өрттен 10 адам құтқарылып, 72 тұрғын көшірілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Медеу ауданындағы Самал-2 шағын ауданында орналасқан тұрғын үйдің 12-қабатында өрт шығып, ТЖМ қызметкерлері 10 адамды құтқарды және 72 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

10 человек спасли при пожаре в многоэтажке Алматы, трое из них — дети
Фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Қалалық «112» пультіне Самал-2 шағын ауданындағы 76-үйде орналасқан пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері 12 қабатты үйдің жоғарғы қабатындағы пәтердің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

10 человек спасли при пожаре в многоэтажке Алматы, трое из них — дети
Фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Құтқару жұмыстары кезінде ТЖМ мамандары 10 адамды, соның ішінде 3 баланы өрттен аман алып қалды. Сонымен бірге ғимараттан 72 тұрғын, оның ішінде 8 бала мен мүмкіндігі шектеулі 3 азамат эвакуацияланды.

10 человек спасли при пожаре в многоэтажке Алматы, трое из них — дети
Фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Төтенше жағдай қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында оттың ғимарат шатырына шарпуына жол берілмеді. Өрт 35 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Осыған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйдің өртенгені туралы жаздық.