Алматыда 12 жыл кезекте тұрғандар баспаналы болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 200-ден астам отбасы баспаналы болды. Шаңырақ алып, шаттанғандардың дені әлеуметтік әлжуаз санаттан. Көп жыл кезекте тұрғандар.

Пәтер алды
Фото: Алматы әкімдігі

Халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын 218 кезекте тұрған алматылық пәтер кілттерін алды. Барлығы үш жаңа үйде 78 жетім бала, I және II топтағы 31 мүгедек, Екінші дүниежүзілік соғыс жеңілдіктері бойынша теңестірілген 4 ардагер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 23 отбасы, 72 толық емес отбасы және 10 зейнеткер.

Пәтер берді
Фото: Алматы әкімдігі

«Бүгін қоныс тойын 2011 жылдан 2012 жылға дейін кезекте тұрғандар атап өтті. Келесі аптада тұрғын үйдің жаңа шаршы метріне қоныстанудың кезекті кезеңі жоспарлануда», - деді Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Пәтерлердің кілттерін алу үшін адамдар балаларымен және немерелерімен келді. Олардың арасында бір бөлмелі пәтер алған көпбалалы ана Майра Әлібаева да бар.

«Мен 75 жастамын, 11 баланың анасымын. Бұрын қалада ұлымның отбасымен бірге тұрдым. Енді мен өз пәтерімде арбаға таңылған ұлыммен бірге тұрамын. Қала билігіне жаңа шаршы метр үшін өте ризамын», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ХӘОТ санатындағы кезекте тұрғандарға кілттерді тапсыру ағымдағы жылдың 25 мамырында басталған болатын. 

Мамырдың 28 –де кезектегі 164 адам жаңа үйге қоныстанды

30 мамырда тағы 105 кезекте тұрғандар кілттерін алды. 5 маусымда 111 отбасы жаңа үйлерге көшті. 

Осы жылдың 7 маусымында қоныс тойын Медеу сити тұрғын үй кешенінде 86 адам атап өтті

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен екі мың жалға берілетін пәтер беру жоспарланып отыр, оның ішінде 400 пәтер жетім балаларға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар