22:44, 07 Ақпан 2024 | GMT +5
Алматыда 130 көпқабатты үй газсыз қалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 103 мекенжайы бойынша және «Мұзтау» шағын ауданында газдың ағып кетуін анықтады.

"Осыған байланысты, 7 ақпанның кешінен бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Құрманғазы – Панфилов – Қайырбеков – Төле би көшелерінің алаңында 130 көпқабатты үй көлемінде газды тамақ дайындау үшін пайдаланатын және 18 жеке сектордағы үйлерді газбен жабдықтауды тоқтатты. Сондай-ақ, «Мұзтау» шағын ауданында ажырату жұмыстары жүргізілді", - деп жазды ведомстводан.
Газбен жабдықтау 8 ақпанда сағат 14.00-ге дейін жалғасады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда авариялық қызметке 104 , 253-02-07 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.