Алматыда 14 мыңнан астам тұрғынның газ тарифі төмендетілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда монополистке 65 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Алматы қаласы прокуратурасы тұрақты түрде «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының талаптарының жеке мекемелерімен сақталуына мониторинг жүргізіп отырады.
«Кезекті тексеру нәтижесі бойынша Ауэзов ауданының прокуратурасы жеке компанияның іс-әрекетінде газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде тұтынушылардың қаражаты есебінен инвестицияларды пропорционалды емес өтеу арқылы үстемақысын теріс пайдалану фактісі анықталды»,- деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтен асып кету анықталып, негізсіз кіріс алынған.
«Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісі ҚР ӘҚБтК-нің 159 және 164-бабтары бойынша жалпы сомасы 65 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ, 14 мыңнан астам тұтынушының құқықтарын қалпына келтіру өтемақы тарифін енгізу туралы уәкілетті органға тапсырма берілді»,- деп атап өтті Алматы қаласы прокуратурасы.