Алматыда 180 лифттің пайдалану мерзімі өтіп кеткен

Алматыда былтыр 109 көпқабатты үйдің 198 лифтісі жаңартылды, деп хабарлайды Kazinform.

Лифт
Фото: Depositphotos

Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше, мегаполисте 12 836 лифт тіркелген, оның 6 885-сі қаланың тұрғын үй қорына тиесілі. Пайдалану мерзімі 25 жылдан асып кеткен 180 лифт бар.

«Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 86 көппәтерлі тұрғын үйде 155 бірлік лифт жабдығын ауыстыру жоспарланды. 2023 жылдың соңында жоспар асыра орындалды, жұмыс қорытындысы бойынша 109 үйдің 198 лифт ауыстырылды», - деп хабарлады әкімдіктен.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында былтыр 95 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Ал 2024 жылы 100 көппәтерлі тұрғын үйді жаңарту жоспарда.

«2011-2022 жылдар аралығында «Алматы тұрғын үй» уәкілетті ұйымы 965 көппәтерлі тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізді және 907 үйде 1 935 лифт ауыстырылды»,- деп атап өтті қалалық әкімдіктен.

Айта кетейік, Алматыда ТКШ жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғындар үйді 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды негізде күрделі жөндеуден өткізе алады.
Бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар жалпы жиналыста тұрғын үйді жөндеу туралы шешім қабылдайды, содан кейін басқару органы хаттама мен «Алматы тұрғын үй» ЖШС бағдарламасының операторына қатысуға өтінім береді.

Соңғы жаңалықтар