Алматыда 2 млн теңгеге жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

полиия
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 2 млн теңгеден астам сомаға 73 рет жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші ұсталды.

Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері тоқтатқан Toyota Land Cruiser көлік иесінің жол қозғалысы ережесін 73 рет бұзғаны анықталды. Айыппұлдың жалпы сомасы 2 миллион 223 мың теңге.

«Бұл бұзушылықтардың барлығы қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелген. Сонымен қатар автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жалған екені анықталды. Көлік айыппұл тұрағына жөнелтіліп, көлік иесіне қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды», – деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Соңғы жаңалықтар