Алматыда 201 мыңнан астам адам тұмауға қарсы егілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда эпидемиологиялық науқан басталғалы бері 12 413 адам жедел респираторлы жұқпалы вирусын жұқтырған. Оның 58,7 пайызы балалар. 

Вакцинация, укол, шприц
Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

«2024 жылдың 43 аптасына дейін қалада ЖРВИ-дің 12 413 жағдайы тіркелді. Бұл өткен аптаға қарағанда 20,5%-ға төмен. Қалалық зертханалық мониторинг барысында тұмау вирусы анықталмағанымен, риновирус, парагрипп, аденовирус және маусымдық коронавирус сияқты басқа ЖРВИ вирустары тіркелді», — деп атап өтті департаменттен.

Биыл жергілікті бюджет қаражатына «тәуекел тобындағы» адамдарды вакцинациялау үшін 200 000 доза мөлшерінде ресейлік «Гриппол плюс» үш валентті тұмауға қарсы вакцинасы сатып алынды.

«1 қарашадағы жағдай бойынша Алматы қаласында тұмауға қарсы 201 946 адам егілді, бұл қаланың жалпы халқының 8,8 пайызы. Олардың арасында 19 692 медицина қызметкері, 14 жасқа дейінгі 20 635 бала, 6074 жүкті әйел, 2145 жабық мекемелер контингенті (қарттар үйлері және балалар үйлері), 16 748 оқушы, және 132 350 созылмалы аурулары бар ересектер бар», — делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек, ақылы негізде жеке медициналық орталықтарда 1946 адам, оның ішінде жұмыс берушілердің қаражатына 813 адам және өз ақшасын 1133 тұрғын вакцина салдырды.

Осыған дейін Алматының денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуға 69,4 млрд теңге бөлінетіні туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар