Алматыда 2026 жылы егілетін ағаш пен бұта саны артты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жасыл желекті көбейту бойынша жұмыстар жақында басталады.

Алматыда 2026 жылы егілетін ағаш пен бұта саны артты
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, былтыр мегаполисте шамамен 370 мың бұта және 5 мыңнан астам ірі көлемді ағаш отырғызылды. Ал биыл олардың саны айтарлықтай көбеймек.

2026 жылғы жоспар бойынша 500 000 бұта мен 7 200 ірі ағаш егілуі тиіс. Одан бөлек кесілген ағаштардың орнына 40 мың көшет отырғызу жоспарланған. Осы көктемде 7 200 ірі ағаштың 3 744-і егіледі.

Алматыда 2026 жылы егілетін ағаш пен бұта саны артты
Фото: Алматы әкімдігі

— Көшеттер қалаға жеткізілді, қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ауа райы қолайлы болған кезде отырғызу кезең-кезеңімен басталады. Соның арқасында Жазда ағаш саясы көлеңке болып, шаң-тозаң азаяды, көше мен аула тұрғындар үшін жайлы бола түседі, — деп түсіндірді әкімдіктен.

Көгалдандыру жұмыстары қаланың негізгі магистралды көшелері мен қоғамдық кеңістіктерде жүргізіледі.

Еске салайық, Алматыда 2030 жылы әр тұрғынға 15 шаршы метр жасыл желек болады. Осы мақсатта 2026-2030 жылдарға арналған жаңа 5 жылдық дендрологиялық жоспар әзірленіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум