Алматыда 260 шақырым су құбыры желісі салынып, қайта жаңғыртылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Биыл Алматы қаласының тұрғындарын сумен қамту деңгейі 99,6%-дан 99,9%-ға дейін артады.

су құбыры
Фото: Алматы әкімдігі

Биыл 190 км желі салуға және жаңғыртуға 23 келісімшарт жасалып, қазір 16,3 шақырым су желісі салынды. Ақсай» өзеніндегі су алатын құрылғының құрылысы 85%-ға орындалды. Ал «Ерменсай» нысаны бойынша мердігерді таңдау үшін 2025 жылы 9 сәуірде байқау жарияланды. 

су құбыры
Фото: Алматы әкімдігі

– Суды үнемді пайдалану мақсатында жыл басынан бері 39 мың жеке су есептегіш құрылғы орнатылды, оның ішінде 8,9 мыңы – сәуірде. Бұл есептегішпен жабдықтау деңгейін 2024 жылғы 67%-дан 2025 жылдың сәуірінде 75%-ға дейін жеткізді. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді деп жоспарланып отыр. Жалпы биыл тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету үшін 260 км сумен жабдықтау желілері салынып, реконструкцияланады, – делінген қала әкімі Ерболат Досаевтың 1-30 сәуір аралығындағы Президентке берген есебінде.

Айта кетейік, 2025 жылдың сәуір айында Алматы әкімдігі әзірлеген іс-шаралар жоспарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға арналған қаланы тұрақты дамытуға бағытталған 41 іс-шара қарастырылған. 

– Мемлекет басшысы үшін тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп белгіленген кестеге сәйкес қалыптастырылады және ұсынылады, - деп атап өтті әкімдіктен.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақытылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум