Алматыда 27-31 қазанда жарық уақытша өшеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының бірнеше ауданында 27-31 қазан аралығында электр желілеріне жөндеу жүргізіледі.
«Алатау Жарық Компаниясы» мәліметінше, жөндеу жұмыстары сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жоспарланған. Кейбір жерлерде жөндеу сағат 09:00-де басталады.
27 қазанда Шаңырақ-1, Әйгерім-1, Қарағайлы, Құрамыс және Ақжар шағынаудандарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ Сәтбаев, Жандосов, Төле би, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Қарасай батыр және басқа да көшелердің жекелеген учаскелерінде жарық өшуі мүмкін.
28 қазанда жөндеу Әйгерім-1, Шаңырақ-1, Ақжар, Жас Қанат, Ерменсай және басқа да аумақтарды қамтиды. Сонымен қатар Абай, Жандосов, Сәтбаев, Төле би және Бөгенбай батыр көшелерінің жекелеген учаскелерінде ақауды жөндеу жүргізіледі.
29 қазанда Әйгерім-1, Шаңырақ-2, Қалқаман-2, Таусамалы және Ақжар шағынаудандарында электр энергиясы уақытша өшіріледі. Сондай-ақ Панфилов, Гоголь, Манас, Байзақов және басқа да көшелердегі жекелеген үйлер жарықсыз қалуы мүмкін.
30 қазанда Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 шағынаудандары, сондай-ақ Абылай хан даңғылының, Гоголь, Жібек жолы, Төле би, Сәтбаев, Бөгенбай батыр және басқа да көшелердің жекелеген учаскелері электр энергиясынан уақытша ажыратылады.
31 қазанда Шапағат шағынауданында және Дүнген көшесі, 14 мекенжайында жөндеу жоспарланған. Оған №23 емхана нысаны да енгізілген.
Тұрғындарға өз мекенжайларын алдын ала тексеріп, күнделікті істерін жоспарлау кезінде жарық уақытша өшуі мүмкін екенін ескеру ұсынылады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 19–24 қазан аралығында жарық өшуі мүмкін екені айтылды.