Алматыда 28 жүргізуші масаң күйде ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері мегаполисте көлікті масаң күйде басқарған 28 жүргізуші ұсталды. Жалпы жыл басынан бері қалада 800-ден астам мас жүргізуші анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылған.
– Алкогольдік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген адам тек өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіреді. Полиция мұндай құқық бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын қатаң түрде кесуді жалғастырады. Біз азаматтарды жауапкершілікке шақырамыз. Егер мас жүргізушіні байқасаңыз, бірден полицияға хабар беріңіз, - деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда көлікке оқ атқандар ұсталғанын жазған едік.