Алматыда 2800 адам қабылдау пунктеріне жүгінген

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қатты жер сілкінісінен кейін Алматының 2800-ге жуық тұрғыны қабылдау пункттеріне жүгінген. Мұндай орындарға мектептер мен балабақшалар жатады. Олардың барлығы сейсмикалық жағынан тұрақты. Кazinform фототілшісі аталаған пунктердің біріне барды.

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев баспасөз мәслихаты барысында қабылдау орындарына 2800-ге жуық адам келгенін, оның 906-сы бала екенін айтты.

«Бұл тұрғындардың уақытша жиналатын орындары. Олар адамдардың суық ауа райында далада қалмауын және нақты жағдайға байланысты арнайы нұсқау келгенше сол жерде қалуын қамтамасыз ету үшін жасалған»-, деді Нұрлан Атығаев.

Қабылдау пункті
Фото: Kazinform

Алматы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті ашылды: 229 мектеп және 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. 

Біздің агенттіктің фототілшісі No18 мектеп-гимназиясында болып, мектеп директорымен әңгімелесті.

«Бүгін 11:22-де жер сілкінді. Бұл сабақ уақытында болды. Мектеп бұйрыққа сәйкес әрекет етті. Бұған дейін біз жаттығу жұмыстарын жүргізген едік. Сондықтан оқушылар мен мұғалімдер дайын болды. Жер сілкінісі болған кезде барлығы партаның астына тығылып, сыртқа шықты. Қазір бізде зардап шеккен тұрғындарды қабылдау орталығы бар, ол бірден ашылды. Сағат 12:00-ден кейін мектеп маңында тұратындар бізге келе бастады. Қазірдің өзінде 44 адам қабылданды, оның 25-і бала. Тұрғындардың есебін жүргіземіз, мұнда кезекші медбике бар, тұрмысқа қажетті заттар да жеткілікті», – дейді No18 гимназия директоры Гүлжамилә Наурызбаева.

Соңғы жаңалықтар