Алматыда 300-ден астам жүз жасаған қария тұрады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — 1 қазан — Қарттар күніне орай Kazinform тілшісі Алматыдағы қариялар санын есептеп көрді. Алматы қарты ең көп өңір екені анықталды.
Ұлттық статистика бюросының Kazinform тілшісіне берген жауабы бойынша 2026 жылы Алматыда 292 842 қария тұрады. Бұл қала халқының 12,5%-на тең. Әдеттегідей егде жастағы әйелдер саны көбірек, яғни мегаполистегі қарттардың 96 144-і аталар болса, 196 698-ы әжелер екен.
Жас ерекшелігі бойынша 80-89 жастағы тұрғындар саны 31 270 адамға жетті. Оның ішінде 8 817-сі — ерлер, 22 453-і — әйелдер.
Сондай-ақ 90-99 жастағы тұрғындар саны — 5 742 адам. Олардың 1 664-і ерлер болса, 4 078-і әйелдер.
Қазақстанда жалпы 953 адам 100 жастан асса, соның 304-і Алматыда тұрады. Олардың 227-і — әжелер, ал 77-сі — аталар. Бұл — Қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Еске салайық, Астанада 110 мыңнан аса зейнеткерге ақша берілетіні хабарланды.