Алматыда 37 жастағы ер адам 11-қабаттан секіріп кетті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы жағдай болды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мегаполис тұрғын үй кешендерінің бірінде 37 жастағы ер адам өз пәтерінің 11-қабатынан секіріп кеткен. Оны алғаш болып тұрғын үй кешенінің күзет қызметкері байқап, дереу жедел қызметтерді шақырып, алғашқы көмек көрсетуге әрекет жасаған.
— Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері келді. Ер адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ер адам есін жимастан көз жұмды, — деп хабарлады департаменттен.
Полиция марқұмның жеке басы анықталып, оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеліп жатқанын мәлімдеді.
Еске салайық, Павлодарда өртеніп жатқан үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды.