Алматыда 4 адам республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 4 адам республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Заң
Фото: Kazinform

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады.

Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады.

Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн түсiндiредi.

Соңғы жаңалықтар