Алматыда 4 мыңнан астам алма ағашының көшеті отырғызылды

алма
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - «Таза Қазақстан» республикалық және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Алматы – бақша қаласы» жалпықалалық акциясы өтті. Іс-шара барысында 8205 жасыл желек, соның ішінде 4 515 жеміс, 1 090 жапырақты ағаш пен 2 600 бұта отырғызылды.

Жасыл желек қаланың барлық ауданында егілді. Жаңа Саин көшесінің шығысы Үлкен Алматы каналы бойындағы саябақта өткен шараға қала басшысы Ерболат Досаев қатысты. Мегаполис тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен экобелсенділер бірлескен науқанда Алатау ауданының аумағына 500 алма мен 500 өрік көшеті отырғызылды. 

алма
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Мұндай алма бақ 2270 көшет отырғызылған «ALA» саябағында да пайда болды. Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңына тағы мыңға жуық қатты ағаш көшеттері егілді.

Қаланың әр түкпірінде аудан әкімдіктері алма аллеяларын отырғызды. Онда барлығы 1245 жеміс, 90 жапырақты ағаш пен 2600 бұта бар. 

алма
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сондай-ақ ағаштар мен бұталар мына мекенжайларда отырғызылды:

Алатау ауданы: дәстүрлі өнер театрының жанында, «Мәдениет» тұрғын үй кешені, 13-шағын ауданы, «Саялы-2» шағын ауданы;

Алмалы ауданы: Ганди саябағында, «АЗТМ» саябағында, Төле би көшесінің бойымен (Варламова көшесінен Волховская көшесіне дейін), А.Байтұрсынов атындағы саябақ, «Қарағайлы» саябағы;

Әуезов ауданы: 5-шағын аудандағы саябақта, Жандосов көшесінің бойымен Саин даңғылынан Қарғалы өзеніне дейін;

Бостандық ауданы: Тұңғыш Президент саябағы, Цирк маңы, Х.Ерғали өзенінің жағалауында, «Нұр Алатау», ҚазҰУ жанындағы саябақта, Ғабдуллина көшесінің бойы, Абай даңғылы бойындағы бөлу жолағында. (Алматы қаласы Тұрғыт Өзал көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейін);

Жетісу ауданы: «Көкжиек» шағын ауданындағы саябақ, Серіков көшесі 2а бойындағы әкімдік жанындағы саябақ;

Медеу ауданы: Есентай өзенінің бойын (әл-Фараби даңғылы мен Жамақаев көшесінің арасы), Алматы хайуанаттар бағы аумағыда, Шухов саябағында;

Наурызбай ауданы: «Қалқаман», Ақжар саябағы;

Түрксіб ауданы: «Балалар» саябағы, Сейфуллин даңғылы мен Рысқұлов даңғылындағы жасыл аймақта отырғызылды. 

алма
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алматы әкімдігінен атап өткендей, «Алматы – бақша қала» акциясына қатысушылар көгалдандыруға және қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосып қана қоймай, шығармашылық конкурстар мен белсенді ойындарға қатысты. 

алма
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. 

Соңғы жаңалықтар