Алматыда 40 бригада жарықты тәулік бойы бақылайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2025 жылдың алғашқы үш айында көшелерді жарықтандыру мәселелері бойынша өтініштер саны 70% - ға-10 мыңнан 2800-ге дейін төмендеді. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы Игорь Мысик мәлім етті.

Алматты жарықтандыру
Фото: Алматы әкімдігі

– Қазір Алматыда күн сайын тәулік бойына 40 бригада жұмыс істейді - бұл бір жарым жыл бұрынғыдан бес есе көп, – деді ол.

Спикердің сөзінше, ақауды жою мерзімі қазір 5 күннен аспайды, ал жөндеу жұмыстары бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

Алматыны жарықтандыру
Фото: Алматы әкімдігі

– Команда «соқыр аймақтар» деп аталатын-тұрғындар аудан әкімдіктері арқылы хабарлайтын жарықтандырылмаған учаскелерді жедел анықтайды,– деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың басынан бері Алматыда осындай 82 учаске жарықтандырылды. 400-ге жуық жаңа шам, 15 км кабель, 400 тірек пен кронштей орнатылды.

Осыған дейін Алматыда 109,2 шақырым жаңа жарықтандыру желісі пайда болатыны туралы жазғанбыз.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар