Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда 5 мыңнан астам пәтерде уақытша газ болмайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Наурызбай ауданында екі күнге газ беру тоқтатылады. 

Алматыда 5 мыңнан астам пәтерде уақытша газ болмайды
Фото: EnergyProm

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалының мәліметінше, 10–12 тамыз аралығында «Төле би көшесін ұзарту» жобасы аясында орта және төмен қысымды газ желілерін қайта көшіру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты көрсетілген кезеңде Сабденов — Алатау — Әшімов — Райымбек көшелерінің шекарасындағы тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға газ беру уақытша тоқтатылады.

Жалпы аудан бойынша 1 153 жеке тұрғын үй, 515 көппәтерлі тұрғын үй (барлығы 5 112 пәтер) және 5 өндірістік кәсіпорында газ болмайды.

Еске салайық, Алматыда МИБ пен ПИК қарыздары коммуналдық төлем түбіртегінде көрсетіледі.