Алматыда «5:32» сериалының продюсері себепкер болған жол апаты: іс сотқа түсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда маусым айында апатқа ұшыраған № 18 автобусқа қатысты іс сотқа түсті. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Іс 30 қазан күні Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына жолданды.Сот отырысының басталу күні әлі белгісіз», - деп хабардаы ведомстводан.
Еске салайық, 26 маусым күні қоғамдық көлік пен жеңіл машина соқтығысқан еді. Салдарынан 16 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты.
Кейін қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазба желіде тарады.
Автобустың апатқа ұшырауына «5:32» сериалының продюсері себепкер болған.
Кейін күдікті деп танылған жеңіл көлік жүргізушісі Анель Сартаева тергеу уақытында үй қамағында болатыны туралы жазған едік.
Айта кетейік, Алматының қоғамдық көліктері соңғы 4 жылда 920 мәрте жол апатына ұшыраған.