Алматыда 800-ден астам волонтер зейнеткерлердің ауласын тазалауға көмектесті

Волонтер
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылық волонтерлер «Таза Қазақстан» республикалық және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында мегаполисте жалғыз тұратын зейнеткерлерге аулаларын тазалауға көмектесті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 866 ерікті мен қала тұрғындары ардагерлер, жалғызбасты зейнеткерлер, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 114 үйді ретке келтірді. Жеке үйлердің аумағын тазартып, қоршауларды бояп, ағаш отырғызды.

Зейнеткердің үйі мен ауласын тазартуға Алатау ауданы әкімдігінің, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері қатысты. Айта кетейік, бұл көмек зейнеткерлерге «Жақыныңа көмектес» акциясы аясында көрсетілуде.

Волонтер
Фото: Алматы әкімдігі

Акцияның мақсаты-қаланың жеке секторында тұратын жалғызбасты зейнеткерлер мен ерекше қажеттіліктері бар қарт адамдардың аула аумақтарын тазалауға және абаттандыруға көмек көрсету.

«Көрсеткен көмек үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге денсаулық, бейбіт өмір тілеймен, рахмет»,- деп атап өтті аудан тұрғыны Пана Федоровна.

Волонтер
Фото: Алматы әкімдігі

«Жақыныңа көмектес» акциясы аясында еріктілер тағы 93 үйге көмектесуді жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр.

Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Волонтер
Фото: Алматы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар