Алматыда Абай мен Марков көшесі екі айға жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының екі ауданында тозы жеткен құбырлар қайта жаңғыртылады. 

Алматыда Абай мен Марков көшесі екі айға жабылады
Фото: Александр Павский / Kazinform

— 3 шілде мен 25 тамыз аралығында Алматының Бостандық ауданында Марков көшесінің бойымен — Бұқар Жырау бульварынан «Зайка» балабақшасына дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысы екі бағытта да тоқтатылады. 1973 жылы пайдалануға берілген 1,5 шақырымға жуық жылу трассасы ауыстырылады. Көршілес тұрғын үйлердің аулаларына автокөлік пен жедел қызметтер Римский-Корсаков көшесі арқылы — Бұқар Жырау бульварынан № 3 тұрғын үй жақтағы кіреберіске дейін қатынай алады, — деп хабарлады әкімдіктен.

Шектеулер аталған көшелерде жолдың астынан өтетін магистральдық құбырларды қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

— Жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды. Аталған жылу трассасы 16 көппәтерлі тұрғын үй мен тағы 7 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді, — деп атап өтті әкімдіктен.

Сондай-ақ Мамыр-4 шағынауданында су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстарына байланысты 2 шілде мен 15 тамыз аралығында Абай даңғылында ішінара қозғалыс шектеледі.

— Абай даңғылының шығыс бағытындағы жолақтарының бірі — Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралық уақытша жабылады, — делінген хабарламада.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл желілердің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар