Алматыда Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесі уақытша жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
24 қазан сағат 08:00–ден 26 қазан сағат 20:00–ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі бөлігінде жол жабылады.
Сонымен қатар 24–29 қазан аралығында сағат 22:00–ден 10:00–ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан бөліктерінде және Рысқұлов даңғылымен қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Алматы әкімдігі тұрғындардан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Еске салсақ, Алматыда үш автобустың бағыты өзгеретіні хабарланды.