17:42, 26 Мамыр 2025 | GMT +5
Алматыда Forum ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Полицияға жарылғыш зат туралы анонимді қоңырау түскен.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта ғимаратта тексеру жүргізіліп жатыр. Forum ойын-сауық орталығына полиция қызметкерлері, саперлер және төтенше жағдайлар қызметкерлері жеткен.
— Азаматтардан сабыр сақтап, дүрбелеңге түспеуін сұраймыз. Тексеру қорытындысы бойынша көзделген шаралар қабылданатын болады. Естеріңізге сала кетейік, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін ҚР ҚК 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама түскенін жазғанбыз.