Алматыда ағаш құлаған үйге әкімдік көмек көрсетеді

акимат Алматы әкімдігі ремонт
Фото: Алекандр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда бір ғасырлық ағаш Бегалин көшесінде орналасқан жеке үйлердің біріне құлады. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Тұрғындар сөзінше, ағаш жеке үй аумағында орналасқандықтан ресми мекемелер еменді кесіп, шығарудан бас тартқан. Ал ағаш кесумен айналысатын компаниялар жарты миллионға жуық ақша сұраған. Нәтижесінде ағаш үйдің шатырына құлағанша тұра берген.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы мәлімдеме жасап, Медеу ауданы әкімдігінің зардап шеккен үй иелеріне көмектесетінін хабарлады.

- Алматы қаласының жасыл желекті күтіп-ұстау және қорғау қағидалары жеке тұрғын үйлердің аумақтары мен саяжайларда өсетін жасыл желектерге қолданылмайды. Апатты ағаштарды кесу және шығару жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады. Алайда оқиғаның мән-жайын ескере отырып, Медеу ауданының әкімдігі тұрғындарға көмек көрсетеді. Құлаған ағашты алып, тазалау жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабаралды Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасынан.

Соңғы жаңалықтар