Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Ақан Сері көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Алматы әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 14 шілде сағат 20:00–ден 19 шілде сағат 06:00–ге дейін Сейфуллин даңғылынан Котельников көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.

— Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп ескертті әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, жол қозғалысына енгізілген барлық уақытша шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» қосымшаларында жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлағанбыз. 

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толықтай жабылады.