Алматыда ақбөкен мүйіздерін сатпақ болған 4 адам ұсталды

«Охотзоопром» өздері атқан киіктерден қанша мүйіз алынғанын айтты
Фото: polisia.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 1212 дана ақбөкен мүйізін сатпақ болған төрт адам ұсталды. 

Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды.

«Алматы облысының аумағында Hyundai автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1212 ақбөкен мүйізі табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.


ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum