Алматыда АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы «В5+1» платформасы ресми іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – Алматыда АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы «В5+1» платформасы ресми іске қосылады. 

Израиль
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров кезекті брифингіде айтты.

«13-15 наурыз аралығында Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен АҚШ үкіметтерінің, бизнес қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен В5+1 форумын өткізу жоспарлануда.

Аталмыш бастама үкіметтер мен бизнес В5+1 қоғамдастық арасындағы өзара белсенді іс-қимылды қамтамасыз етуге, Орталық Азия өңіріндегі маңызды экономикалық мәселелерді және оларды шешу жөніндегі нақты қадамдарды талқылауға арналған алаң.

Сонымен қатар, бұл іс-шара 2023 жылғы қыркүйекте Нью-Йорктегі мемлекет басшыларының саммитінде ұсынылған V+1 платформасының іске қосылуы болады», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар