Алматыда «Астана» алаңы жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеуге арналған іс-шараның өткізілуіне байланысты «Астана» алаңы жабылады.

Алматыда «Астана» алаңы жабылады
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен атап өткендей,1 наурыз күні да сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін «Астана» алаңында өрт сөндіру, құтқару және басқа да арнайы құрал-жабдықтардың көрмесі өтеді. Оған 50 техника мен 150 адам қатысады деп күтілуде.

Алматыда «Астана» алаңы жабылады
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматылықтар қаланың авариялық-құтқару күштерінің мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алады.

– «Зардап шеккен» адамдар үшін далалық госпиталь құрылып, медицина қызметкерлері манекендерде ашық түрде дене жарақаттары бойынша мастер-класс өткізеді.Сондай-ақ, құтқару және медициналық техника мен жабдықтар көрмесі орналастырылады, – деп атап өтті департаменттен.

1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) 9-сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын 1 наурызда атап өту туралы шешім шығарылды.

Алматыда «Астана» алаңы жабылады
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы 1972 жылы дәл осы күні үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді

Соңғы жаңалықтар