Алматыда атыс дауыстары естілді: полиция тергеу жүргізіп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда көлік ішінен атыс дауысы естілді. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Бейнежазбада оқиғаның 22 қыркүйекте Бөкейханов көшесінің бойында болғаны айтылған. Алматы қаласы Полиция департаменті атысқа қатыса бар күдіктілер ұсталғанын хабарлады.
- Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысушылар ұсталды. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында тауып алған қаруларды заңсыз сақтаған азамат жазаланғанын жазған едік. https://kaz.inform.kz/news/almati-oblisinda-tauip-algan-karulardi-zansiz-saktagan-azamat-zhazalandi-58ccf9/
Өткен аптада Алматыда автобусқа қарумен кірген ер адам ұсталды.