Алматыда автобус өртенді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда Алтынсарин даңғылында №95 бағыттағы автобус өртенді. Төтенше жағдай бүгін, 15 ақпан түскі сағат 12: 38 шамасында болған.

өрт
Фото: Алматы ТЖД

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.

«Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенге дейін № 95 бағыттағы автобустың жүргізушісі Құрманғазы Мақашев ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолданып, отқа оранған ауа өткізгіш құрылғысын сөндірген. Салонда жолаушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабаралады департаменттен. 

Өрт
Фото: Алматы ТЖД
өрт
Фото: Алматы ТЖД