16:18, 25 Сәуір 2024 | GMT +5
Алматыда автобус өртенді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Жетісу ауданында жолаушылар автобусы өртенді.

Жол ортасында жанып жатқан қоғамдық көліктің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Төтенше жағдай бүгін, түскі сағат 15:05 шамасында болды.
«ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы мен Сүйінбай көшесі қиылысына жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде жолаушылар автобусы жанып жатты. Өрт сөндіруге оқпандар берілді»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сағат 15:16 -да оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.