«6 адам зардап шекті». Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қоғамдық көлік пен пойыз соқтығысты. Оқиға салдарынан 6 жолаушы жарақат алды.

тепловоз бен автобус соқтығысты, жол апаты
Фото: Almaty_my телеграм арнасы

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы сағат 11:40–та Алмалы ауданында болған.

автобус апаты
Фото: Almaty_my телеграм арнасы

— Жеке тасымалдаушыға тиесілі № 88 автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Гоголь көшесінің солтүстігінде батысқа қарай темір жолмен келе жатқан тепловозбен соқтығысты. Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктің 6 жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның басқа да мән-жағдайлары анықталып жатыр, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен аптада Алматыда автобуспен жүк көлігі соқтығысқанын жазғанбыз.

Оған дейін Алматыда екі автобус апатқа ұшырып, жүргізушілері зардап шеккені туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар