Алматыда автобус жүргізушісі «Шапағат» медалімен марапатталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-азаматтық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін қалалық автобус жүргізушісінің бірі Қанат Ахметовті «Шапағат» медалімен марапаттады.

автобус жүргізушісі «Шапағат» медалімен марапатталды
Фото: Алматы әкімдігі

Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады.

автобус жүргізушісі «Шапағат» медалімен марапатталды
Фото: Алматы әкімдігі

– Мемлекеттік наградаға ие болу мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Бұл қоғам игілігі үшін адал еңбек етуге, әріптестерім мен жақындарыма үлгі болуға ынталандырады. Қарапайым еңбек адамдарына Президенттің назар аударып, елдің дамуына қосқан үлесін мойындағаны қуантады, – деді Қанат Ахметов.

Президент наградил медалью «Шапағат» водителя автобуса в Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Еске сала кетейік, бұған дейін №66 қалалық маршрут автобусының жүргізушісі Қанат Ахметов арбадағы мүгедек жолаушыға назар аударып, көмек көрсеткені үшін мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың атынан алғыс хат пен сыйлық алған болатын.

Қанат Ахметов төрт баланың әкесі. «Алматыэлектротранс» компаниясында автобус жүргізушісі болып жұмыс істегеніне бір жылдай уақыт болды.

Мүгедек жолаушының көлікке арнайы көтергіштің көмегімен мінуіне жәрдемдескен жүргізушінің суреті әлеуметтік желіде тараған болатын.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланған еді.

Президент наградил медалью «Шапағат» водителя автобуса в Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар