Алматыда аяғы жарақаттанған футболшыға күрделі ота сәтті жасалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылық травматологтар күрделі аяқ жарақаты бар спортшыны аяғына тұрғызды.

Операция
Фото: Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Жас спортшы жарақатымен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскен. Алған жарақаты спортшының күнделікті белсенді өмірі мен спорттық мансабына үлкен қауіп төндірген.

Дәрігерлердің сөзінше, алдыңғы крест тәрізді байламның пластикалық отасы — тізе буынының тұрақтылығын қалпына келтіруге және ықтимал асқынудың алдын алуға бағытталған күрделі әрі жауапты хирургиялық араласу болып табылады.

«Алдыңғы крест тәрізді байламның ерекше құрылымы бар, ол жыртылған соң буынның функционалдығын қалпына келтіру үшін трансплантатты ауыстыруды қажет етеді. Бұл ары қарай қиындық пен қайта жарақат алу қаупінің жоғарылауын болдырмас үшін байламның ішінара зақымдануы кезінде де маңызды. Трансплантация ретінде біз жартылай сіңір бұлшықетінің сіңірін қолдандық, оны сыртқы тобық проекциясын кішкене кесу арқылы шығардық. Біз отаның сәтті өткеніне қуаныштымыз. Науқас оңалту курсынан өтті», — дейді спортшының емделу және қалпына келтіру кезеңін мұқият бақылаған дәрігер Нұржан Нұралы.

Бүгінгі күні спортшы жаттығуларын бастауға дайын, әсіресе өмірінің бір бөлшегіне айналған футболдан жаттығуын қайта бастамақ.

«Мұндай жарақаттан соң өзімнің сүйікті ісіме қайта орала алмаспын деп ойлаған едім. Шүкір, ауруханада өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істейді. Дәрігерлерге рахмет, олардың кәсібилігінің арқасында мен тағы да қозғалыстың қуанышын, өз қабілетіме деген сенімділікті және жаңа спорттық жетістіктерге дайын екенімді сезіне аламын», — деді ОҚКА-ның емделушісі.

Соңғы жаңалықтар