Алматыда аяққа массаж жасайтын аппарат сататын компанияға айыппұл салынды

АСТАНА. KAZINFORM – Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде «Lux Kazakhstan Group» ЖШС қатысты LUX Maxima аяққа арналған массаж аппаратының сәйкестік сертификаттары мен тұтынушыға арналған ақпараттарсыз сату фактісі бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

Маңғыстауда Түпқараған және Қарақия аудандары әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларына айыппұл салынды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Дерекке қарағанда, LUX Maxima аяққа арналған массаж аппараты жөніндегі Одақтың техникалық регламенттері адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушыларды (пайдаланушыларды) оның мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу талаптарына сәйкес келуі тиіс.

- Жоспардан тыс тексеріс жүргізу барысында LUX Maxima аяққа арналған массаж аппаратында сәйкестікті бағалау туралы құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік және ресми тілде тұтынушыға арналған ақпараттың болмағаны анықталды, бұл «Техникалық реттеу туралы» Заңның 35-бабын бұзу болып табылады.

Заң талаптарын бұзғаны үшін «Lux Kazakhstan Group» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 415-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 383 370 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - деп жазылған акқпаратта.

Азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға қауіпті өнімдерді өткізбеу мақсатында, Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылған. Сонымен қатар өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу туралы жедел ден қою шарасы қолданылды.

Сондай-ақ, шара барысында департамент қызметкерлері Кеден одағының техникалық регламенттерін және «Техникалық реттеу туралы» Заңның талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, Атырауда заңсыз құмар ойынға ақша қабылдаған кассирге 738 мың айыппұл салынды.