22:10, 05 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Полицейлер алматылық әйелдің денесін тапты
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Түрксіб ауданында бір әйелдің денесі табылды.

Алматы полиция департаменті аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде.
— Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел және тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді. Тергеу жүргізілуде, — деп хабарлады ведомстводан.
Осыған дейін Алматыда ерлі-зайыпты қарт кісілерді 56 жастағы танысы өлтіріп кеткені туралы жазған едік.
Сонымен қатар, Алматыда танымал әнші қамауға алынды.