Алматыда әйелге оқ атқан күдіктілер ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Мегаполисте ер адам әйелге оқ атты. Осы дерекке қатысты Алматы полициясы түсінік берді.

полиция
Фото: Наталья Зинченко/ Kazinform

Оқиға орнынан түсірілген видео Telegram арналарының бірінде тарады.

«Үйдің кіреберісінде көршіміздің бұрынғы күйеуі оған оқ атты. Мына жерде екі оқ жатыр», – деді видео авторы.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл қылмыстың ізі суымай ашылғанын мәлім етті.

«Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды»,-деп хабарлады Полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар