Алматыда айыптұраққа қойылған мопедтер саны 1800-ден асты

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы полициясы «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

Алматыда мопед айыптұраққа  қойылды
Фото: Алматы қаласының полиция департаменті

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, қала жолдарындағы жазатайым оқиғалардың көбеюіне көліктердің баламалы түрлері - мопедтер мен электрсамокаттардың әсері бар.

мопед жүргізушісі
Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

«Жыл басынан бері мопед жүргізушілері 930 жол-көлік оқиғасына ұшырап, салдарынан 953 адам зардап шекті, 15 адам қаза тапты. Ал қалада самокаттар 127 жол апатына ұшыраған, салдарынан 133 адам зардап шекті, қаза тапқандар жоқ.биыл жалпы мамандандырылған айыппұл тұрағына 1 мың 800-ден астам мопед қойылды», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Еске салайық, биыл жаз кезінде Алматының айыптұрағына мыңға жуық мопед қойылғанын жазғанбыз.

Бірнеше күн бұрын Алматыда мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, жас қыз мерт болды.

 

Соңғы жаңалықтар