Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда бағдаршамдардың 90%-ы жұмыс істеп тұр - әкімдік

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Электрмен жабдықтау қалпына келтірілгеннен кейін Алматыдағы бағдаршамдардың 90%-ы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Елімізде бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салынды
Фото: polisia.kz

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада электрмен жабдықтау қалпына келтірілгеннен кейін бағдаршам нысандарын кезең-кезеңімен қайта іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Қазіргі уақытта бағдаршамдардың шамамен 90%-ы электрмен жабдықтау желісіне қосылып, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қалған нысандарда техникалық қызмет мамандары жабдықтарды тексеріп, жүйелерді қайта іске қосып жатыр. Техникалық ақау анықталған жағдайда мамандар қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жедел жүргізеді, - деп хабарлады әкімдіктен.

Жұмыстар қаладағы барлық бағдаршам нысанының қалыпты жұмысы толық қалпына келтірілгенге дейін жалғасады.

Еске салайық, Еске салайық, бүгін Алматы мен Алматы облысының басым бөлігінде жарық өшті.

Алматыда жарық өшуіне байланысты 9 балдық кептеліс пайда болды.

Алматыда жарық өшкеннен кейін су беру тоқтады.

Соның салдарынан Алматының барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.