Алматыда баланы зорлау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды

мектеп
Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат

Алматыда халықаралық мектептің оқушысы зорланды, ол туралы анасы мәлім етті. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Балалардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға комитет пен құқық қорғау органдарының бақылауында. Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы зардап шеккен баланың анасымен және халықаралық мектептің басшылығымен байланыста»,-делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, баланың отбасына көмек ұсынылды.

«Комитет БАҚ беттерінде жарияланған әр ақпаратқа барынша жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Себебі, бізге бала туралы деректердің құпиялылығын сақтау және оны қоғамда таратпау маңызды. Осылайша қиын жағдайға тап болған бала мен отбасының тыныштығын қамтамасыз ете аламыз», - деді комитеттен.

Бұған дейін Алматы тұрғынының 1-сыныптағы баласының зорланғанын мәлімдегені туралы хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар