Алматыда барахолка маңында өрт шықты

Өрт
Фото: ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда барахолка маңындағы жеке үйден өрт шықты.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 сәуір сағат 10: 03 минутта өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Биянху көшесі бойынша шақыртуға шықты.

«Өрт сөндіру бригадасы келген кезде жеке тұрғын үй шатырының астында орналасқан тауар жанып, өрт көрші үйдің шатырына, сондай-ақ Бианху көшесі бойында орналасқан көршілес шаруашылық үй-жәйларына тарап үлгерген», - деп хабарлады департаменттен. 

Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер сол жерден 2 газ баллонын алып шықты.

«Қазір өрт сөндірілді. Қабылданған шараның арқасында өрттің көрші үйге таралу қаупі жойылды», - деп атап өтті ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар