Алматыда Батыс Желтоқсан көшесі жабылды

Как ведется борьба с незаконным строительством в предгорной зоне Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 24 сәуір мен 31 мамыры аралығында Батыс Желтоқсан көшесінің М. Ганди көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Уақытша шектеулер магистральдық құбырды ауыстыру және жол төсемін орташа жөндеу қажеттілігіне байланысты енгізілді. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қызмет нормативтеріне сәйкес есептелген учаске 1992 жылдан бері қолданысқа енген. Мониторинг кезінде кейінгі бес жылда мұнда 17 рет ақау болған.

«Құбырды жөндеу жұмыстары кезінде күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін Батыс Желтоқсан көшесі бойынша көлік қозғалысы солтүстік бағытта бір жақты болады. Күн сайын сағат 22.00-ден 07.00-ге дейін және демалыс күндері қозғалыс екі жаққа да жабылады. Ганди көшесінен оңтүстік бағытта әл-Фараби даңғылына шығатын жол Қозыбаев көшесі бойынша ұйымдастырылады»,- деп хабарлады әкімдіктен.

2 мамырдан бастап қалалық мобильділік басқармасы әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін Батыс Желтоқсан көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын бастайды.

«Ең алдымен тротуарлар мен арық желілері жөнделеді, бүлінген жиектер ішінара ауыстырылады, содан кейін асфальт жабыны фрезерленеді. Құбырды және асфальт жабынының төменгі қабатын төсегеннен кейін жолдың бүкіл еніне полимерді қолдана отырып, асфальтбетон төсеу жүргізіледі»,- деп атап өтті әкімдік.

Қозғалыс толығымен 1 маусымға дейін қалпына келтіріледі.

Әкімдік жүргізушілерден мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram