Алматыда Бәйсейітова көшесі уақытша жабылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Бостандық ауданында Бәйсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелді.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, 3 қазан сағат 09:00–ден 5 қазан сағат 20:00–ге дейін Бәйсейітова көшесінің Абай даңғылынан № 45 үйге дейінгі бөлігінде көлік жүрмейді.
Уақытша шектеу жылу желісінің магистральдық учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Жұмыс жылыту кезеңінде штаттан тыс жағдайдың туындау қаупін барынша азайту мақсатында жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Алматыда Көктөбе саябағы уақытша жабылатыны айтылды.