Алматыда BAZIS-A компаниясы ойылған асфальтты қалпына келтіретін болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолының қиылысында жаңа төселген асфальт ойылып, шұңқырлар пайда болды.

ремонт дорог жол жөндеу
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, эстакада бойында қозғалыс 2021 жылы ашылған. 

Бірақ жолайрық 2023 жылдың қазан айында пайдалануға берілгендіктен нысанға 2026 жылға дейін мердігер кепіл болады. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, асфальтбетон жабынының ақауы гидрооқшаулағыш материалдың қабыршақтануы салдарынан пайда болды. Оның нақтылы себептерін анықтау үшін зақымданған учаске ашылады. «Bazis construction» ЖШС компаниясына кепілдік міндеттемелеріаясында өз қаражаты есебінен алдағы 10 күн ішінде қалпына келтіру жұмысын жүргізуге нұсқау берілді», - делінген хабарламада. 

Басқарма қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде ақаулы учаскеге уақытша жөндеу жүргізілгенін атап өтті.

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов жол сапасы жөнінде тұрғындар шағымына дер кезінде назар аударуды тапсырған болатын.

Оның айтуынша, мердігер компаниялар өзі салған жолды 7 жыл бойы күтіп ұстауға міндеттеледі. 

Соңғы жаңалықтар