Алматыда Бельгия королінің келуіне орай кей жолдар жабылмақ
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда 14 қазанда Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданың мемлекеттік сапарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін.
Қала әкімдігінің мәліметінше, сапар аясында Қазақстан мен Бельгия делегацияларының, сондай-ақ іскерлік және академиялық орта өкілдерінің қатысуымен ресми іс-шаралар өтеді.
Осыған байланысты қаланың кейбір аудандарында жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Тұрғындар мен қала қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде жол қозғалысындағы ықтимал өзгерістерді ескеріп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралды.
Еске салайық, Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 11 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.