Алматыда бес жылға созылған әлеуметтік нысандардың құрылысы биыл аяқталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда ұзаққа созылған екі маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. Барлық тиісті жұмыстардың орындалуын Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бақылауда ұстаған.

Строительство Строительный кран Многоэтажные дома Құрылыс Құрылыс краны Көп қабатты үйлер
Фото: Kazinform

2024 жылдың тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шараларының арқасында 2019 жылы құрылысы басталып, 2020 және 2021 жылы аяқталуы тиіс болып, бірақ бітпеген екі нысанның құрылысы аяқталды.

Олар — Шанырақ 1, 2 шағынаудандарында сарқынды суды айдау станциясы және Қарасу шағынауданының шығыс бөлігінде сумен жабдықтау және су бұру объектісі.

— Аталған шағынаудандарда 6,5 мыңнан астам үй 5 жыл бойы сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылмаған. 2023 жылғы қарашада және 2024 жылғы наурызда осы ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау мәселесі қала әкімінің қатысуымен ведомствоаралық комиссияда қаралды. Құрылыс барысын жедел бақылау үшін жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері еріктілермен бірлесіп апта сайын осы объектілерге барып, туындайтын мәселелерді шешуге және жұмыс кестелерін сақтауға ықпал етті, — деп хабарлады Антикордан.