Алматыда биыл қанша жұмыс орны ашылды

Алматыда 2023 жылдың басынан бері 79,5 мың жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Кazinform. 

Алматыда биыл 79 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Фото: Kazakh-tv.kz

Алматы әкімдігінің мәліметінше, мегаполисте еңбек нарығындағы жағдай жақсарды. Атап айтқанда, 2023 жылғы III тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8% - ға дейін төмендеді.

«Бұған 79,5 мың жұмыс орнын құру ықпал етті, оның 80% - ы тұрақты, жалпы саны 62,7 мың. 2022 жылы 57,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 70% - ы тұрақты, жалпы жұмыс орны 40,2 мың», - деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Айта кетерлігі, осы жылы «ИТП» АЭА-да 15 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды, 1200 жұмыс орны ашылды, 39 компания жаңа қатысушы ретінде қабылданды. Жобаларды іске асыру үшін ауданы 15 гектар 7 жер учаскесі бөлінді.

Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі 6,5% деңгейде болады деп жоспарланған.

Бұған дейін еліміздің қай өңірлерінде жұмыссыздар көп екені айтылған болатын.