Алматыда биыл жаңа 34 туристік нысан пайдалануға берілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында туристерді орналастыру (қонақүй, хостел) саласында көрсетілген қызметтер көлемі 50,1 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,6% артық.

Фуникулер
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы туризм басқармасының мәліметінше, мұндай өсім туризм саласының дамып келе жатқанын және Алматыға ішкі әрі халықаралық туристер тарапынан қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді. Қазір қала қонақүйлеріндегі бөлмелер саны өткен жылмен салыстырғанда 8% артып, 12 552-ге жеткен.

Туризм
Фото: Алматы әкімдігі

- Қаладағы орналастыру орындарының бір мезеттегі сыйымдылығы 22 768 төсек-орын, бұл қонақтарды көбірек қабылдауға жол ашады. Ішкі және шетелдік туристер тарапынан қызығушылық артқанын байқап отырмыз. Жаңа жобалар жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды жақсартып, Алматыда демалысты қолжетімді әрі жайлы етеді, – деп хабарлады туризм басқармасы.

Туризм
Фото: Алматы әкімдігі

Биыл жыл басынан бері жеке инвестициялар есебінен 34 жаңа туристік нысан пайдалануға берілген. Олардың ішінде 11 қонақ үй, 1 глэмпинг, 1 капсулалық қонақ үй, 18 хостел және 3 демалыс базасы бар.

Туризм
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыға жарты жылда 1,1 миллионнан астам турист келгенін жазғанбыз.

Тризм
Фото: Алматы әкімдігі