Алматыда BMX-фристайлдан Қазақстан чемпионаты өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – 9-10 тамыз аралығында Алматы қаласында BMX-фристайлдан Қазақстан тарихындағы алғашқы ел біріншілігі өтеді. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

Алматыда BMX-фристайлдан Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: ҰОК

Жарыстар қазіргі таңда Қазақстанда белсенді дамып келе жатқан және олимпиадалық бағдарламаға енгізілген BMX Freestyle дисциплинасы бойынша ұйымдастырылады.

Турнирде елдің түрлі аймағынан келген қазіргі көшбасшылармен қатар болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылар да бақ сынайды.

Айта кетейік, Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар 2025 жылы Жапонияда өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

Бұған дейін 21–27 шілде күндері Қазақстан спортшылары қандай ірі жарыстарға қатысатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар