Алматыда бір топ жігіт ер адамды соққыға жықты
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы полициясы ер адамдардың жаппай төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
— Төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталып, полицияға жеткізілді.
Айта кетейік, аталған жағдай бойынша «102» пультіне ешқандай қоңырау түскен жоқ. Құқық бұзушылықты «Бұран-142» және «Бұран-137» патрульдік экипаждары қызмет көрсету аумағын патрульдеу барысында анықтап, дер кезінде тоқтатты, — деп хабарлады полициядан.
Қазір төбелеске қатысқандардың әрекеттері жан-жақты зерттеліп жатыр. Оларға ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.
Осыған дейін Алматыда полицияға қарсылық көрсеткен бір топ адам ұсталған болатын. https://kaz.inform.kz/news/almatida-politsiyaga-karsilik-korsetken-br-top-adam-ustaldi-07bc02/